«Лучшие люди»

Международная энциклопедия

Сахи Хибасов

Руководитель крестьянского хозяйства «Ғ А Л Ы М Ж А Н - Ө Р Е З Е К»
Страна: Республика Казахстан
Регион: Мангистауская область
Город: Бейнеуский район
Включен по рекомендации, решение Межгосударственного совета от: 06.05.2020
Энциклопедия: БМЭ «Лучшие люди».«Успешные люди».«Лучшие в образовании». Ежегодный трехтомник
Раздел: Агропромышленный комплекс

Посмотреть регион участника
Посмотреть всех участников региона
  • Сахи Хибасов
  • Сахи Хибасов
 
 
 


Сахи Хибасулы уже с пеленок познал все тяготы жестокой войны и, еще не окрепший, с малых лет начал трудиться наравне со взрослыми. Он родился в 1941 году в Ташховузском районе Туркменистана, высшее образование получил в Ашхабадском сельскохозяйственном институте. Трудовой путь начал в совхозе токарем, затем работал механиком и главным инженером. Когда создавался Бейнеуский район Мангистауской области, он работал главным механиком предприятия «Бейнеу жолдары». Решением руководства района молодой специалист был переведен в объединение «Сельхозтехника» и занимался организационными работами во вновь созданном районе: подготовкой зданий для рабочих мест, ремонтных гаражей, поиском шофёров-механизаторов. Жилья для них не было, так как район был организован недавно. Преодолев эти трудные времена, через три года он был назначен руководителем хозяйства. Вместе с первым секретарём партийного комитета Дуйсенби Ариповым и председателем исполнительного комитета партии Бердибаем Сарбалаевым (оба они были прекрасными людьми) бескорыстно трудились на благо народа. Задачей объединения «Сельхозтехника» было обеспечение роста благосостояния четырех совхозов района и сельскохозяйственных предприятий. В составе объединения функционировали торговое, автотранспортное, механизированное, строительное отделения, объекты социального обслуживания населения (бани, магазины, детские сады), технического обслуживания и другие. Автопарк объединения в составе 62 автомашин разных марок во время посевной или уборочной кампании принимал участие в перевозке кормовых и фуража. Необходимую и дефицитную технику, запчасти и строительные материалы доставляли из городов Волгоград, Ульяновск, Рязань, Краснодар.
С.ахи Хибасулы, руководивший мно­гопрофильным предприятием более четверти века, внёс огромный вклад в развитие сельского хозяйства региона и страны. Его заслуги отмечены высокой государственной наградой – орденом «Құрмет».
С 2000 года он является руководителем крестьянского хозяйства «Ғалым­жан-Өрезек», которое, наряду с сельскохозяйственной продукцией, производит ракушечник, необходимый для строительной отрасли. На сегодняшний день хозяйство с производственной мощностью 97 голов с каждых 100 овцематок, 42 голов со 100 верблюдов, 96 голов жеребят со 100 лошадей также занимается улучшением племенной породы скота.
«Ғалым­жан-Өрезек» регулярно оказывает социальную помощь малоимущим и многодетным семьям. На эти цели хозяйство расходует 600 тысяч тенге.
Сахи Хибасов имеет около 20 орденов, медалей и поощрений, является кавалером ордена «Құрмет», нагрудного знака «Отличник сельского хозяйства Республики Казахстан», которые он получил за заслуги в развитии сельского хозяйства и социальной экономики, вклад в воспитание в подрастающем поколении горячей любви к родной земле. Он является депутатом районного маслихата нескольких созывов. За высокие показатели в производстве сельскохозяйственной продукции в областном конкурсе был удостоен звания «Человек года – 2012». В 2019 году отмечен благодарственным письмом Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева.
С. Хибасов является почётным депутатом маслихатов Казахстана, почётным гражданином Бейнеуского района. В настоящее время он руководит районным советом ветеранов.
Автор книг «Ұстаз» и «Бабалар жолы» о своем славном жизненном пути. Вместе с супругой Ажар вырастили и воспитали 5 детей, имеют 20 внуков и 6 правнуков.
Имя Сахи Хибасова внесено в энциклопедию «Почётные граждане Казахстана». Мангистауский областной телеканал выпустил о нём часовой документальный фильм «Еңбегі ерен».

 

Сұрапыл соғыс зардабын жөргегінен сезінген Сахи Хибасұлы есеймей жатып, ширап, еңбекке ерте араласты. Көрші Түркіменстанның Ташховуз облысында 1941 жылы туылған ол жоғары білімді Ашхабад ауылшаруашылығы институтынан алады. Өмір жолын совхозда қарапайым токарьлықтан бастаған, әрі қарай  механик, бас инженер болып істеп ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе жинақтайды. Маңғыстауда Бейнеу ауданы құрылған жылдары Сахи Хибасов «Бейнеу жолдары» мекемесінде бас механик болып жұмыс істеп жатады. Аудан басшысы  іскерлігімен таныла бастаған жас жігітті енді құрылған «Сельхозтехника» бірлестігіне қызметке ауыстырады. Алғашында ұйымдастыру жұмыстарының барлық қиындығын бөлісті.  Жұмыс орны үшін ғимарат, қойма, жөндеу гараждарын дайындау,  тапшы механизатор-шоферлар табу, оларға ұсынатын тұрғын үй жоқ, ауданның жаңа ұйымдасқан кезі, міне осы ауыр кезеңдерден абыроймен өткізген ұжымға үш жылдан кейін басшы болып тағайындалды. Сол кездегі партия коитетінің бірінші хатшысы Дүйсенбі Әріпов, атқару комитетінің төрағасы болған Бердібай Сарбалаевпен, екеуі де тамаша жандар еді, үзеңгілес қызмет жасап, ел-жұртқа риясыз еңбек етті.  Аудандағы төрт совхоздың, тағы да басқа ауыл шаруашылығы мекемелерінің әл-қуатының өсуін қамтамасыз ету осы С.Хибасов басқарған «Сельхозтехника» бірлестігінің мойнына жүктелінген болатын. Бірлестіктің сауда, автотранс, механикаландырған суландыру бөлімшесі, құрылыс, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету, (монша, дүкен, балабақша т.б.) техникалық күтім, айырбастау бөлімдері болды. Әр түрлі маркалы 62 автокөлігі бар бірлестік науқан кезінде көші-қон, шөп, жем тасымалдауға да араласып кететін. Қолға түспейтін, қажет техника, құрылыс материалдарын шалғай Волгаград, Ульяновск, Рязан, Краснодар сияқты қалалардан автокөліктермен тасымалданды. Осылайша жұмысы көп салалы бірлестікті ширек ғасыр басқарған Сахи Хибасұлы  еліміздің ауыл шаруашылық экономикасының өркендеуіне зор үлес қосты.Еңбегі еленіп, мемлекеттік жоғары награда «Құрмет» орденімен марапатталды. 2000 жылдан бері ол «Ғалымжан-Өрезек» шаруа қожалығын басқарып келеді. Шаруа қожалығы  ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге құрылысқа қажетті ұлутас өндіреді. Әрбір жүз аналықтан - еділбай қойынан 97 қозы,түйеден 42 бас бота, адай  жылқысынан 96 бас құлын алып, бүгінде малды асылдандырумен де айналысып, шаруасын өрге  дөңгелетіп отырған  қожалық  аудандағы күн көрісі төмен жандарға тұрақты қамқорлық көрсетіп отырады. Бұл шараға қожалық 600 мың теңге қаражат жұмсайды. ҚР «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері Сахи Хибасовтың еліміздің ауылшаруашылығы және әлеуметтік экономикасының өрлеп, өсуі жолында сіңірген еңбегіне орай, жас ұрпақты туған жерге деген ыстық ықылас сезіміне тәрбиелеугеқосқан үлесі үшін алған марапаттары жиырмадан асады. Ол аудандық мәслихаттың бірнеше шақырылымдарына депутат болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі үздік көрсеткіші үшін облыстық байқауда «Жыл адам-2012»атағын иеленді. Осы жылдың шілдесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. С.Хибасов Қазақстан маслихаттарының «Құрметті депутаты», Бейнеу ауданының Құрметті азаматы. Қазір ол аудандық ардагерлер кеңесіне жетекшілік етеді. Өнегелі өмірін насихаттаған «Ұстаз», «Бабалар жолы» кітаптарының авторы. Жары Ажармен 5 бала тәрбиелеп, олардан 20 немере, 6 шөбере сүйіп отыр.
Сахи Хадисовтің есімі «Қазақстаннның құрметті азаматтары» энциклопедиясына енген. Маңғыстау облыстық телеарнасы Сахи Хибасұлы жайында биыл «Еңбегі ерен» атты  бір сағаттық деректі фильм түсіріп, көрермен назарына ұсынды.